⚡⚡⚡ БРИЗОЛЬ ⚡⚡⚡ Құрамы: 5-6 адамға арналған 🍗 Етті бөлігіне: ➖ Фарш — 400 — 500 гр. ➖ Жұмыртқа — 1 дана ➖ Тұз ➖ Қара бұрыш 🍗 Фаршты жаю үшін: ➖ Ұн 🍗 Фрашты аунату үшін: ➖ Жұмыртқа — 5 дана 🍗 Арасына: ➖ Майонез ➖ Сарымсақ — 1 түйір ➖ Тұз ➖ Қара бұрыш 🍗 Салатына: ➖ Қызанақ — 1 дана ➖ Қияр — 1 дана ➖ Тұз ➖ Қара бұрыш 🍗 Гарниріне: ➖ Картоп — 5-6 дана ➖ Сүт — 100 мл ➖ Сары май — 100 гр ➖ Тұз 🍗 Үстіне: ➖ Кетчуп ➖ Майонез ✅ 1. Майсыз фаршымызға тұз, қара бұрыш, жұмыртқа салып араластырамыз. Әбден қолымызбен біркелкі болғанша езгілейміз. Фаршты уысымыздың үлкендігіндей пішінде бөліп алып, домалақтап қоямыз. ✅ 2. Тақтайға молынан ұн сеуіп, домалақтанған фаршымызды ұнға аунатып алып, оқтаумен жаямыз. Ұнды әлсін-әлсін сеуіп тұру керек, әйтпесе фарш оқтауға жабысып қалады. Жұқа қылып, табаның пішінімен бірдей қылып жайғаннан кейін, тәрелкеге бір жұмыртқаны жарып, үстіне бір шымшым тұз сеуіп, шанышқымен араластырып, жайған фаршымызды жұмыртқаның үстіне саламыз. Барлық жеріне, яғни фарштың астыңғы бөлігіне жұмыртқа жайылу керек. ✅ 3. Табамызды майлап, оттың үстіне қойып, қызғаннан кейін, жұмыртқаның бетіне қойылған жайылған фашты дәл сол күйінде, аудармай табамызға саламыз. Отты баяулатып, 1-2 минут 2 жағын қуырып аламыз. Қуырылған фарштың пісу барысында барлық сөлі ағып, өз пішінін кішірейтеді, сондықтан жұқарақ қылып жаюда пайда бар! ✅ 4. Ортасына майонез дайындаймыз, ол үшін майонезге 1 езілген сарымсақ, тұз, қара бұрыш салып, араластырамыз. Салатына қияр мен қызанақты ұсақтап, төрт бұрышты етіп турап, бұрыш, тұз салып, араластырамыз. Қуырылған фаршымыздың жұмыртқа жағын сыртына қаратып, ішкі бөлігне майонезімізді жағып, шетіне салатымыздан салып, ораймыз. ✅ 5. Картопты тазалап, салқын су құйып, тұз салып, піскеннен кейін суын төгіп, ыстық күйінде сут құйып, май салып еземіз. Толығырақ мына сілтемеде —-> Картоп езбесі Тәрелкеге арнайы кондитер дорбасымен картоп езбесін сығып, қасына оралған бризолімізді қойып, кетчуп пен майонез сығып, қалағаныңыздай әсемдесеңіз болады. Мен тіс шұқығышпен сызық жүргіздім. Суретте анық көрсетілген. 😋 АС БОЛСЫН! 😋

Теги других блогов: салат рецепт бризоль гарнир