Какао қосылған MACAROON!
Бұл енді макарунның какао қосылған түрі. Осыдан бұрын бөліскен макарунның жасалу жолымен бірдей, тек қана какао қосасыз және де какао қосқандықтан бадам ұнының мөлшерін аздап азайтасыз. Түк те қиын емес. Сол үшін әзірлеуге асығайық!
* БҰЛ ТОҚАШТЫ ӘЗІРЛЕУ ҮШІН АСҮЙІНЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ТАРАЗЫ КЕРЕК!
Құрамы:
Жұмыртқаның ақуызы — 2
Қант — 5 асқасық
Бадам ұны(миндальная мука) — 65 гр
Қант пудрасы — 100гр
Какао — 15 гр
Креміне:
Ақ шоколад — 100 гр
Сливки — 2 асқасық
Керекті заттар:
Пергамент
Жұмыртқаның үлкенін таңдаңыз!
Құрғақ ыдысқа ақуызын салып(сарыуыздың бір тамшысы да түспеу керек)
аздап көпіргеннен кейін, 3 асқасық қант салып, араластыруды тоқтатпау керек,
әжептеуір көпіріп қалғаннан кейін, тағы 2 асқасық қант саламыз.
Ақуызды шамамен 10 минут араластырамыз.
Міне барлығы мынадай таразыда өлшенуі керек, бағасы да аса қымбат емес.
Қант пудрасы мен бадам ұнын (қалай жасалатынын көргіңіз келсе БАСЫҢЫЗ!) өлшеп саламыз да,
араластырамыз.
Қою болып араласқан ақуызға,
Какаомызды елеуіштен өткізіп,
миксермен араластырамыз.
Бадам ұны мен қант пудрасын да елеуіштен өткізіп, араластырамыз.
кондитерлік қалтаға салып,
Пергемент төсеп сығып шығамыз.
30-40 минутқа демалдырып қоямыз.
Тоқаштарымыздың беті кепкенше ортасына жағатынымыздыдайындаймыз. Ол үшін осындай ақ шоколадты
Шоколадтың құрамында бадам болғандықтан блендорға салып,
ұсақтап,
қайнап тұрған судың бетіне ыдыс қойып, буда ерітеміз. Егер ішінде дәні жоқ тек ақ шоколад болса, блендордан өткізу шарт емес.
Еріген шоколадқа
30 пайыздық сливкидан 2 асқасықтай құйып, араластырамыз.
креміміз дайын!
Тоқаштарымыздың бетін ұстап көреміз,
Егер беті құрғақ болып, саусағыңызға ештеңе жабыспаса, онда пешке салуға дайын деген сөз.
Алдын-ала 160 дәрежеде ысыған пешке салып, 10-13 минут пісіреміз.
Пештен шыққан соң бірден макарундарды пергаменттен алмаңыз
20 минуттан кейін ала беруге болады. Дұрыс піскен макарунның беті тегіс, асты пергаменттен оңай алынуы керек.
Макарунымыздың біреуіне крем жағып,
екінші жағын жабыстырамыз.
АС БОЛСЫН!